РФ Кемер облысында шахтерлерді құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Кемер облысының Төтенше жағдайлар министрлігі Бас басқармасы Полысаево қаласындағы «Заречная» шахтасында өрт белгісі бар, түтін жайылғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлады ВВС.

РФ Кемер облысында шахтерлерді құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр

«Шахтерлерді алып шығу жұмыстары ұйымдастырылды. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің жедел тобы барды», делінген хабарламада.

Интерфакс-Сибирь агенттігіне РФ ТЖМ Кемер облысы бойынша басқармасының хабарлауынша, оқиға орын алған кезде шахтада 136 адам болған.