РФ Қорғаныс министрлігі ДАИШ көшбасшысының көзі жойылғандығын хабарлады

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат -  ҚР Қорғаныс министрлігі Сириядағы ресейлік авиасоққы салдарынан, алдын ала дерек бойынша, ДАИШ жетекшісі Абу-Бакр-әл-Багдадидің көзі жойылғандығын хабарлады.

РФ Қорғаныс министрлігі ДАИШ көшбасшысының көзі жойылғандығын хабарлады

Хабарланғандай, мамыр айының соңында Сирия Араб Республикасындағы Ресей әскері тобының командованиесі Ракка қаласының оңтүстігінде ДАИШ лаңкестік тобы көшбасшыларының мәжілісі өтетіндігі туралы ақпарат алған.

 «2017 жылғы 28 мамырда пилотсыз құралмен ДАИШ басшыларының кездесетін орны мен уақыты туралы деректер расталғаннан кейін, ресейлік авиация 00.35-тен 00.45-ке дейін соққы жасады», - делінген хабарламада.

Су-35 және Су-34 ұшақтарының соққысы салдарынан ИГИЛ әскери кеңесінің құрамына кіретін лаңкестік топтардың жоғары лауазымды командирлерінің, орта буынның 30 далалық командирінің, жеке күзеттің 300-ге жуық содырының көзі жойылды.

 Көзі жойылған лаңкестер арасында - ауданды Раккиден Эс-Сухнаға дейін бақылаған эмир Абу әл-Хаджи әл-Мысри, эмир Ибрагим Ан-Наеф әл-Хадж,  ИГИЛ  қауіпсіздік қызметінің бастығы Сулейман Әл-Шауах бар.

Түрлі арналар бойынша тексерілетін ақпаратқа сәйкес, жиналысқа сондай-ақ ДАИШ көшбасшысы Ибрагим Абу-Бакр әл-Багдади қатысқан, ол соққы нәтижесінде қаза тапты.

Ресей авиациясының жүргізетін іс-қимылы мен оның орны туралы өзара әрекет ету арналары бойынша америкалық тарап алдын ала хабардар етілді.