РФ Краснояр өлкесінде Ми-8 тікұшағы құлап, 12 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала мәліметтерге қарағанда, РФ-ның Краснояр өлкесінің солтүстігінде Ми-8 тікұшағының құлауы салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлады РИА Новости Батыс Сібір көлік прокуратурасының өкілі Оксана Горбуноваға сілтеме жасап.

РФ Краснояр өлкесінде Ми-8 тікұшағы құлап, 12 адам қаза тапты

"Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Игаркадан 10 шақырым жерде 12 адам көз жұмды", - деді ол.

Бұрын белгілі болғандай, Ми-8 тікұшағы Краснояр өлкесі Турухан ауданында апаттық жағдайда қонған.