РФ Мемлекеттік думасының вице-спикерлері Астанадағы № 81 сайлау учаскесінде болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Мемлекеттік думасының вице-спикерлері байқаушылар ретінде Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан № 81 сайлау учаскесінде болды.

РФ Мемлекеттік думасының вице-спикерлері Астанадағы № 81 сайлау учаскесінде болды

«Мен бүгін сайлау учаскелеріндегі жағдайға таңдандым, яғни адамдардың жүзінен мерекелік сезімді байқап отырмын. Қала тұрғындарымен пікір алмасу кезінде олардың жайдары жақсы көңіл күйін көрдім»,-деді Владимир Васильев.

Өз кезегінде Леонид Слуцкий Қазақстанның сайлау құқығында орын алған оңтайлы өзгерістерді атап өтті.

«Адамдар үшін жақсы жағдай жасалған, яғни сайлау бюллетеньдерін салатын арнайы жәшіктер өте ыңғайлы және сайлау учаскелерінің конфигурациясы да қолайлы. Ал дауыстарды есептеуге байланысты тоқталатын болсақ, кеше Орталық сайлау комиссиясында бұл әдісті зерделеп шықтық»,- деді вице-спикер.

Оның сөзіне қарағанда, халық бірыңғай ынтымақта дауыс беруге келіп жатыр. Осы орайда байқаушылар да халықтың көңіл күйінен жақсы әсер алуда.

«Түрлі саяси күштердің атынан шығып отырған адамдар өздерін байсалды, салмақты ұстап, өркениетті түрде бір-бірімен өзара әрекеттесуде»,-деп мәлімдеді Л. Слудский.