РФ мен Қазақстан СІМ басшылары Астанада өтетін Сирияға қатысты кездесуді талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ мен Қазақстан СІМ басшылары Сергей Лавров пен Қайрат Әбдірахманов телефон арқылы Астанада жоспарланған Сирия үкіметі делегациясы мен қарулы сириялық оппозицияның кездесуі мәселесін талқылады, делінген ресей сыртқы саяси ведомствосының хабарламасында.

РФ мен Қазақстан СІМ басшылары Астанада өтетін Сирияға қатысты кездесуді талқылады

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

 «Министрлер ресейлік-қазақстандық қатынастардың өзекті мәселелерін, Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі болып сайлануын, Астанада  жоспарланған Сирия үкіметі делегациясы мен қарулы сириялық оппозицияның кездесуін талқылады», - деп хабарлады РФ СІМ.