РФ-ның Пермь өлкесінен Қазақстанға жаңажылдық 500 шырша әкелінеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Пермь өлкесі аумағында өсірілген қылқанды ағаш Ресейдің бірнеше өңірлеріне жөнелтіледі, сондай-ақ Қазақстанға 500-і әкелінетін болды, деп хабарлады permnews.ru.
Ағаштар жөнелтілмес бұрын паразиттің бар-жоғына тексерілді. Пермь өлкесі аумағында карантин жарияланған. Ведомство мамандары шыршалардан зиянкестер таппады.