РФ Президенті әкімшілігінің жетекшісі Жеңістің 70 жылдығына қай елдің басшылары қатысатынын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің 22 мемлекетінің басшысы Мәскеуде өтетін Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға келетіндерін растады, деп мәлімдеді РФ президенті әкімшілігінің басшысы Сергей Иванов. Олардың дені ТМД мен Азия елдерінің басшылары, деп хабарлады РИА Новости.

РФ Президенті әкімшілігінің жетекшісі Жеңістің 70 жылдығына қай елдің басшылары  қатысатынын айтты

«Жағдай күнде өзгереді. Дөп басып айта алмаймын, негізінен ТМД елдері, Азия мемлекеттері мен Израиль көшбасшысы келмек. Еуропа елдерінен әзірге жоқ, алайда 9 мамырға дейін уақыт бар», - деді Иванов баспасөз конференциясында.

«Мәселе кімнің келген келмегенінде емес, ештеңеге қарамастан 9 мамыр шарасы ең жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін...», - деді Иванов.