18:42, 06 Қыркүйек 2010 | GMT +5
РФ Президенті Іс басқармасының ауруханасында төтенше оқиға орын алды
АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат - Мәскеудің Мичурин даңғылында орналасқан РФ Президенті Іс басқармасының ауруханасында төтенше оқиға орын алды - аурухананың төбе жабыны құлап кетті, деп хабарлайды РБК агенттігі құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Анықталғандай, ауруханада жұмысшылар терезелерді бұзып жатқан кезде, олардың үстінен төбедегі бетон арқалық құлап кеткен. Оқиға салдарынан 1 адам қаза тапты, тағы екі адам жараланды. Жаралы екеу ауруханаға жатқызылды.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәскеу қаласы бойынша бас басқармасы әзірге бұл оқиғаға қатысты ешқандай түсіндірме берген жоқ.