РФ Президенті ресми сапармен Өзбекстанға барады

ТАШКЕНТ. 1 маусым. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин ресми сапармен Өзбекстанға барады, деп хабарлады «ӨзА» мемлекеттік ақпарат агенттігінен.

РФ Президенті ресми сапармен Өзбекстанға барады

Сапар Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімовтің шақыруымен 2012 жылдың 4 маусымында өтеді.

Сапар аясында өзбек-ресей ынтымақтастығын одан әрі тереңдету және  өңірлік, халықаралық өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде, деп атап өтті агенттіктен.