РФ СІМ Астанадағы Сирия бойынша өтетін кездесуге АҚШ-тың қатысатынын растады

  АСТАНА. ҚазАқпарат  -  АҚШ Астанада 15 ақпанда өтетін кездесуде бақылаушы болады, деп мәлімдеді дүйсенбіде РФ СІМ басшысының орынбасары Михаил Богданов. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

РФ СІМ Астанадағы Сирия бойынша өтетін кездесуге АҚШ-тың қатысатынын растады

«Бақылаушы ретінде Америка Құрама Штатының өкілі келеді деп отырмыз», - деді ол журналистерге.

РФ СІМ басшысының орынбасары кездесуде Вашингтоннан кім келетінін әлі нақтылаған жоқ. «Өткен жылы елші келген, қазір АҚШ кімді жіберетінін шешуде», - деді Богданов.

Оның айтуынша, «Түркия, Иран, Ресей, Иордания кездесуде кепіл болады». Бұдан басқа, кездесуге БҰҰ өкілі қатысады.