РФ СІМ КХДР-мен қаржылық қатынастарды тоқтату туралы президент жарлығын дайындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей СІМ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ядролық сынақтарға байланысты КХДР-ға қарсы 2 наурыздағы қарарын орындау туралы президенттік жарлық жобасын дайындады. Құжат әзірленіп отырған нормативтік-құқықтық актілер сақталған ресми порталда жарияланды, деп хабарлайды РБК.

РФ СІМ КХДР-мен қаржылық қатынастарды тоқтату туралы президент жарлығын дайындады

Атап өткендей, ведомство «2016 жылдың 2 наурызынан бастап 90 күндік мерзімге Ресей аумағында КХДР банктерінің еншілес ұйымдары, филиалдары немесе өкілдіктерін, КХДР банктерімен бірлескен кәсіпорындарды жабу, КХДР банктерінің меншік құқығындағы үлестік қатысуына тыйым салу, КХДР банктерімен корреспонденттік қатынастарға тыйым салуды» ұсынып отыр.

Жарлық сондай-ақ Ресейде тікелей немесе жанама түрде кәріс билігінің, немесе Пхеньяннің ядролық бағдарламасына немесе оның баллистикалық зымырандар бағдарламасына қатысы бар тұлғалар және ұйымдардың бақылауында болған активтер мен экономикалық ресурстарды тоқтатуды көздейді.