РФ Түмен облысы денсаулық сақтау саласында Қазақстан тәжірибесін қолданатын болады

«Түмен облысының Үкіметі Қазақстанның АҚШ-та қабылданған денсаулық сақтау және медициналық кадрларды даярлауды ұйымдастыру жүйесіне қалай көшетінін ерекше қадағалайтын болады. Қазақстанның тәжірибесін мұқият зерттегеннен кейін қолданысқа енгізілетін денсаулық сақтауды ұйымдастырудың кейбір тетіктерін Тюмень облысында іске қосуға болады»,- дейді Түмен облысының губернаторы Владимир Якушев Қазақстан елордасы - Астанаға келген тюмендік делегацияның іссапары барысын қорытындылай келе.
Оның айтуынша, делегация іссапар барысында Назарбаев Университетінің Медицина мектебіне бас тіреген.
«Бұл біз үшін өте маңызды болды. Мұндағы мәселе медицина жұмыстарына мамандарды қалай сапалы даярлау ғана емес, десе де бұл келелі мәселе, мен де бұл туралы бірнеше мәрте айтқан едім. Мәселе денсаулық сақтаудың жалпы жүйесінің жұмысын қалай ұйымдастыруда болып отыр. Бұлар - өзара байланысты процестер. Денсаулық сақтау саласын басқару өте ауыр»,- деп атап өтті губернатор.
Владимир Якушев Ресей де, Қазақстан Республикасы да денсаулық сақтауды басқарудың өз жүйелерін қайта қалыптастыратынын ескертті. Аймақ басшысы «Қазақстан медициналық кадрларды - дәрігер-мамандардан бастап орта буынды медицина қызметкерлеріне дейін АҚШ-та қабылданған үлгіге сәйкестендіре отырып, оларды даярлау жүйесіне басымдық береді. Әзірге тек алғашқы қадамдарын жасауда, ал бізді бұдан қандай нәтиже шығатыны қызықтырады», - деп, алған әсерімен бөлісті.
Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің басшылығымен кездесуге Тюмень облысы денсаулық сақтау департаментінің және өңірдің алдыңғы қатарлы клиникалары басшыларының қатысқанын атап өткіміз келеді.