РФ ТЖМ Ливиядан Ресей азаматтарын көшіру үшін ұшақтар дайындауда

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - РФ ТЖМ Ливиядан Ресей азаматтарын көшіру үшін ұшақтар дайындауда. Олар бұл елден бүгін, 22 ақпанда ұшып шыға алады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлайды.

РФ ТЖМ Ливиядан Ресей азаматтарын көшіру үшін ұшақтар дайындауда

"РФ Президентінің тапсырмасы бойынша, Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі Ливиядан Ресей азаматтарын көшірудің жоспарын әзірледі. Қазір ұшуға 4 әуе кемесі дайын. Олар: Ресей ТЖМ-нің - Ил-62, Як-42 және екі ИЛ- 76 ұшағы. Тағы да Як-42 мен Ил-76 екі ұшағы кезекте тұр", - деп хабарлайды Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттар басқармасының бастығы Ирина Андрианова.