РФ Үкіметі мұнайға баж салығын арттырды

МӘСКЕУ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат – Ресей Үкіметі наурыздың 1-інен бастап мұнайдың экспорттық баж салығын 1 тоннаға 115,3 доллар мөлшеріне бекітті. Бұл туралы Премьер-министр Владимир Путин тиісті қаулыға қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап. Ақпанның 1-інен бастап экспорттық баж салығы тоннасына 100 долларды құрап отыр. Сөйтіп соңғы төрт айда мұнайға баж салығы артты. Бұл шара мұнай бағасын тұрақтандыруды көздейді. Наурыздың 1-інен бастап ашық түсті мұнай өнімдерінің баж салығы тоннасына 80,3 доллардан 90 долларға, ал қоңыр түсінің 1 тоннасына 43,2 доллардан 48,5 долларға көбейді.
Соңғы жаңалықтар