РФ Үкіметі тыйым салынған шетелдік өнімдердің тізімін жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейге әкелуге тыйым салынған өнімдердің тізімі жарияланды. Оған АҚШ-тан, Еуроодақтан, Канададан, Австралиядан және Норвегиядан әкелінетін тауарлар енді, деп хабарлады РБК.
Айталық, іріқара, шошқа, үй құсы етін, тұздалған етті, кептірілген және қақталған балық, шаян тәрізділер, моллюскалар енді.
Сондай-ақ сүт және сүт өнімдері, ірімшік, сүзбе, шұжықтар мен еттен жасалатын осындай өнімдер, көкөніс, тамыржемістілер, жемістер және жаңғақ өнімдерін әкелу де шектеледі.
«Біздің аграршылар үшін дамуға қосымша мүмкіндіктер туындап отыр", деп мәлімдеді Медведев Үкімет отырысында аталған құжатты жариялау барысында.
Ресей Президенті Владимир Путин 6 тамызда РФ-ға қарсы санкцияларға қосылған елдерден ауыл шаруашылығы, шикізат және азық-түлік өнімдерінің кейбір түрлерін импорттауға тыйым салынған жарлыққа қол қойды, ол күшіне енді. Құжатқа сәйкес Үкімет ұсынысымен бір жылға тыйым салынған импорт санкцияға байланысты жағдай өзгерсе, қайта қаралуы мүмкіен.
Тыйым салуға ұшыраған шетелдік өнімдер отандық тауарлармен алмастырылады, деді кеше РБК-ға Қоғамдық палатаның хатшысы, Халықтық майдан орталық штабының тең төрағасы Александр Бречалов. Оның айтуынша, елде өндірісті ұлғайтуға қуаттар жетеді. Сонымен қатар, санкцияға қосылмаған елдерден тауарлар әкелінуі мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрі Николай Федоровтың айтуынша, бұл шара тауарлар жеткіліксіздігіне әкеп соқпайды.