Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Риананың Ниццада жоспарлаған ән кеші кейінге шегерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік БАҚ-тың хабарлауынша, Францияның Ницца қаласындағы терактіге байланысты, алдағы күнге жоспарланған барлық ойын-сауық шаралары өтпейтін болды.

Риананың Ниццада жоспарлаған ән кеші кейінге шегерілді

«Настоящее время» интернет басылымының Франциядағы дерек көздеріне сілтеме жасай отырып, хабарлағанындай, Франциядағы төтенше жағдай режимі кемінде үш айға созылады.

Сондай-ақ, бүкіл француз таксистері зардап шеккен адамдар мен шошынған халықты оқиға орнынан кез келген жерге дейін тегін жеткізіп жатыр екен.

Францияның Президенті Авиньонға жоспарланған сапарын кейінге шегеріп, Парижде төтенше кеңес өткізуде.

Италия мемлекеті Франциямен арадағы шекарасын күшейтті. Ницца қаласының әкімшілігі джаз музыкасының фестивалі мен Риананың концертін кейінге шегерген.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ниццадағы теракт кезінде бес қазақстандық азаматтың сол жерде болғанын, абырой болғанда, ешқайсысы зардап шекпегенін хабарлады.