Риддер барақ үй өртеніп бір ер адам қаза тапты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Риддерде ағаштан салынған барак үйдің шатыры өртке оранып, 10 пәтер иесі зардап шекті.

Риддер барақ үй өртеніп бір ер адам қаза тапты

Тұрғындардың көпшілігі - бейәлеуметтік өмір салтын ұстанатын егде адамдар. Тазалық пен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға көңіл бөлмеген, деп атап өтті ШҚО ТЖД.

Өрт төбе жабындысынан басталған. Ағаш тез өртеніп, бірден 4 пәтерге зақым келген. Оқиғаны көргендер өрт сөндірушілерге қоңырау шалған. Олар 4 минутта оқиға орнына жеткен, ол кезде жалын ғимараттың шатырына толықтай жайылып үлгерді.

Құтқарушылар адамдарды құтқару үшін бірден үйдің ішін аралап шықты. Өртке оранған бір пәтерден ер адамның мүрдесі табылды, оның кім екені анықталуда. Қалған тұрғындар зардап шеккен жоқ. Өрт сөндіру кезінде құтқарушылар сыртқа 5 газ баллонын алып шықты.

Жалынды оқшаулауға бір сағаттай уақыт кетті. Тілсіз жау 360 шаршы метрді шарпыды. Өртті сөндіруге 19 адам, 4 арнайы техника жұмылдырылды.

Құтқарушылар төтенше оқиғаның өртті дұрыс пайдаланбау салдарынан шықты деген нұсқаны тексеруде.
null