Риддер қаласында тасжолға лай көшкіні түсті
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыc Қазақстан облысы Риддер қаласында тасжолға лай көшкін түсіп, қоғамдық көлік қозғалысы шектелді.
9 сәуірде қаладағы 4 аудан мен Лесное ауылын қосатын тасжолға лай көшкіні түсті. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көшкіннің жалпы көлемі шамамен 150 текше метрді құрайды.
«Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Лай көшкінінің түсуіне беткейден аққан қар суы себеп болып отыр. Көшкін салдарынан электр желісі қуат көзінен ажырап, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтап қалды», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта электрмен жабдықтау желісі қалпына келтіріліп, жол тазартылып жатыр.