Риддер түлегі әлемдегі ең ұзын «шпаргалка» дайындаған болуы мүмкін - БАҚ
АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Риддер қаласындағы мектептердің бірінде білім алған түлек ҰБТ қарсаңында 11 метрлік «шпаргалка» жасап шығарды. Бұл әлемдегі ең ұзын «шпаргалка» болуы ықтимал.
Бұл туралы «Экспресс К» газетіндегі (автор Андрей Кратенко) «Скатертью шпаргалка» атты мақалада жазылды.
Ол ұсақ жазумен скотчқа 25 мыңнан астам жауап басқан. Алайда «шпаргалка» тауып алынып, әдісін қолданып үлгере алмай қалды.
ҰБТ-да көбісінің жолы болмады. Бұл «шпаргалка» мен ұялы телефонға қатысты емес. Түлектердің айтуынша, ҰБТ кезінде келген сұрақтар мүлдем бейтаныс болып шыққан. Бір жыл бойы дайындалған тестердің сұрақтары келмеді деп өкпе танытуда оқушылар. Олардың сөздеріне қарағанда, математика және тарих пәндері бойынша сұрақтар 90 пайызға өзгертілген. Соның салдарынан Шығыс Қазақстанда «Алтын белгі» иегерлерінің 90 пайызы қажетті балл жинай алмады.
- Бірінші кезекте тест тапсырған 33 «Алтын белгі» иегерлерінің біреуі ғана өз білімін дәлелдей алды. Өскемен бойынша орташа балл - 85. Көп бала бұл тестілеуде сүрінді, - дейді өскемендік түлектердің бірінің анасы.
Алайда білім басқармасының басшысы Мәдениет Ахметова барлық кінә оқушылардың өзінде деп мәлімдеуде. «Оқушылардың өздері кінәлі. Олар тест сұрақтарын тек механикалық тұрғыда жаттап алады. Сұрақтар логикалық тұрғыдан келген кезде олар сасқалақтап, қалай жауап берерлерін білмей, қателеседі», - дейді ол.