Риддерде 60 жастағы велосипедшіні көлік қағып мерт қылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Риддерде көлік қағып кеткен велосипедші травматология бөлімінде қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ІІД ақпараты бойынша, Риддердегі Островский көшесінде болған жол апаты туралы хабарлама жедел жәрдем бригадасынан түскен. Тексеру барысында «Тойота» автомобилінің 22 жастағы жүргізушісі жолда келе жатып, 60 жастағы велосипедшіні басып кеткен. Велосипедші алған жарақаты салдарынан түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Кейін есін жимай, қаза тапты.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қосымша деректерден белгілі болғандай, көлікті бойжеткен тізгіндеген. Сол күні қалада жаңбыр жауып, машина бағыттас автомобильді басып озбақ болған. Егде жастағы велосипедшінің бас сүйегі сынған.