Риддерде асқан қатыгездікпен өлтірілген үш адамның денесі табылды

ӨСКЕМЕН. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Риддерде кеше нағыз «қанды оқиға» орын алды - полицейлер теміржол желісі ауданындағы «Круглая сопка» алаңқайында екі ер азамат пен бір әйелдің денесін тапты.

Риддерде асқан қатыгездікпен  өлтірілген   үш  адамның денесі  табылды

Мәйіттер әбден кескілеп тасталынған, полиция өкілдерінің айтуынша, «біреулер оларды асқан айуандықпен өлтірген». Дереу қылмыскерлерді іздеуге кіріскен полиция Риддер қаласының кәмелетке толмаған үш тұрғынын ұстады. Олардың үшеуі де - жайсыз отбасынан шыққандар.

Олардың бастапқы жауаптары бойынша, бұл қылмысқа олардың «бұзақылық әрекеттері» себеп болған. Қазір «адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе қарастырылуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.