Риддерде екі жасөспірім мұз астына түсіп кетті

ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өткен сенбі күні Риддерде мұз астына түсіп кеткен екінші баланың денесі бір тәуліктен кейін табылды,

Риддерде екі жасөспірім мұз астына түсіп кетті

деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметінен. Бірінші баланы куәгерлер оқиға болған сәтте құтқарып қалған болатын, ол қазір ауруханада жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбі күні 13 жасар екі жасөспірім мұздың үстінде сырғанап жүріп, деривиациялық құбырдың бойымен жарылған мұз жарығына түсіп кеткен болатын. Бірінші баланы оқиғаның куәгерлері құтқарып қалған еді. Екінші баланы іздеу үшін оқиға орнына құтқарушылар келді. Баланың денесі бір тәуліктен кейін, қаңтардың 17-сі күні табылды.