Риддерде қатты желдің салдарынан бірнеше көше тұрғындары жарықсыз қалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында қатты желдің салдарынан бірнеше көше тұрғындары жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Риддерде қатты желдің салдарынан бірнеше көше тұрғындары жарықсыз қалды

Кешелі бері Риддерде қатты жел соғып тұр. Соның салдарынан бірнеше көшеде электр желілері үзіліп, тұрғын үйлерде жарық сөнді.

«Шығысэнерготрейд» компаниясының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта 4 апаттық бригада қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл электр желілері қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің балансында.

Сондай-ақ, «Таврия ЭЖА» өкілдері көмекке тартылды. «ОЭСК» АҚ мен ТҮКШ бөлімінің қызметкерлері жарықтың жылдам қосылуы үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.