12:02, 21 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Риддерде кеніште болған өрттің салдарынан 365 адам жедел көшірілді -Төтенше жағдайлар министрлігі
АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында «Риддер-Сокольный» кенішінде дүйсенбі күні сағат 03.14-те өрт шықты,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Өрт кеніштің 11-ші горизонтында орын алған: қалдық қоқыстар өртеніп, көк түтін болған.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 365 адам жедел көшірілді. Өрт ошағын сөндіруге 20 адам жұмылдырылды.