Риддерде көпқабатты үйде болған өрттің салдарынан үш адамның денесі табылды
АСТАНА. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Риддер қаласында пәтерлердің бірінде өртті сөндіру кезінде үш адамның денесі табылды, олардың біреуі 3 жасар бала,
деп хабарлады жұма күні Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Ведомствоның ақпараты бойынша, ауданы 2 шаршыметрді құраған өрт оқиғасы бейсенбі күні кешке бесқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде орын алған.