Риддерде тізгінді басқара алмай аударылып түскен мотоцикл жүргізушісі мерт болды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында тізгінді басқара алмай аударылып түскен мотоцикл жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 18 маусымда Риддер қаласындағы көшелердің бірінде болған.

«Yamaha V-max» маркалы мотоцикл жүргізушісі тізгінді басқара алмай қалып, мотоцикл аударылып түсті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші сол жерде көз жұмды. Ал жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған», - делінген ақпаратта.

Жыл басынан бері облыс аумағында жол апаттарынан 21 адам қаза болып, 233 адам түрлі жарақат алған.

Осы ретте, полицейлер көлік айдайтын өңір жұртшылығына жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырмауды, көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар