11:31, 30 Тамыз 2017 | GMT +5
Риддерде жыраға түсіп кеткен көлік жүргізуші қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «АКҚ-ШҚО» өкілдерінің мәліметінше, ВАЗ (Lada) 21099 көлігінің жүргізушісі Островский көшесімен қатты жылдамдықпен келе жатқан, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Автомобиль иесі рульді басқара алмай, жолдан шығып кетеді. Соның салдарынан машина аударылады. «Жүргізуші сол жерде қаза тапты, - деп хабарлады апаттың куәгері. Оқиға орнына полицейлер барды. Қазір жол-көлік апатының мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада.