Ригада орыс тілді 11 мектеп жабылады
АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Рига Думасы қаражат үнемдеу мақсатында ел ордасындағы 16 мектепті жабу туралы шешімді мақұлдады, ол мектептердің 11-і- орыс тілді мектептер,
деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.
Латвия қазір ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіруде. Осыған байланысты барлық мемлекеттік мекемелерге өз шығындарын қысқарту міндеттеліп отыр.
Қыркүйектің 1-інен бастап Ригада 10 мектеп жұмысын тоқтатады, тағы 5 мектеп келесі жылы жабылады, ал 2011 жылы бір білім ошағы қысқартылады. Латвия елордасында барлығы 149 мектеп жұмыс істейді. Мектептердің жабылуының салдарыннан 400-ге жуық педагог жұмыстарынан айрылғалы отыр.