Ригада супермаркеттің құлауы салдарынан 32 адам құрбан болды
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Ригада супермаркеттің құлауы салдарынан қаза болғандардың саны 32-ге жетті. Бұл туралы Латвияның жәдел жәрдем қызметінен хабарлады.
Белгілі болғандай, опат болғандардың арасында үш құтқарушы бар көрінеді. Ғимараттың опырылуы нәтижесінде 40 адам жарақат алды, оның көпшілігі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Әзірге, үйінділердің астында қалған адамдардың нақты саны белгісіз.
Латвия билігі супермаркеттің құлауы оқиғасы бойынша тергеу амалдары басталғандығын жариялады.