Ригадағы сауда орталығының тағы бір қабырғасы опырылды. ВИДЕО
АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Ригадағы сауда орталығының тағы бір қабырғасы опырылды, деп хабарлайды 24.kz.
Абырой болғанда, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бұл жолы зардап шекпеді. Ал супермаркет құлаған 21 қарашадан бүгінге дейін үйінді астында қалып, қаза тапқан 54 адамның денесі табылды. Олардың 3-еуі - құтқарушылар. Тағы 29 адам ауруханада жатыр. 13 адам із-түссіз жоғалғандар санатында. Туыстары «олар үйіндінің астында жатыр» деп әлі де үмітін үзбегенімен, мамандар олардың ендігі тірі екеніне сенімсіз. Қазір халық үйінділерді аршу кезінде қаза болған құтқарушылардың отбасына көмек ретінде қаржы жинастыруда.