Рикки Хаттон: Жанат Жақиянов - болашағы зор боксшы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен демалыста қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов Йонзефа Парехоны тізе бүктіріп, жанкүйерлеріне жеңіс сыйлады. Ол WBA титулын уақытша иеленді. Жанаттың промоутері, бұрынғы әлем чемпионы Рикки Хаттон Жанат алдағы уақытта чемпиондық белбеулерін біріктіреді деп отыр, деп жазады sports.kz.
«Мен Жанаттың жеңісін мақтан тұтамын. Ол өте мықты боксшымен белдесті. Жоспар бойынша жұмыс жасап, соңында жеңіске жетті. Қазақстандықтар боксты жақсы көреді. Мен Жанаттың туған елінің қаһарманы болатынына сенемін. Қазақстанда Головкин, Шүменов сияқты керемет боксшылар бар. Енді Жанат та әлем чемпионы болды. Бұл жеңіс бізге үлкен мүмкіндіктерді ашты. Меніңше, ол 2016 жылы чемпиондық белбеулерін біріктіреді», - деді ол.