Рим дағдарыстың салдарынан Олимпиададан бас тартты
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Италия Үкіметі 2020 жылы Римде Олимпиада ойындарын өткізу құқығы додасына қатысудан бас тартуға шешім қабылдады, деп хабарлады РБК агенттігі.
Мұндай шешеімге бүгінде ел басынан кешіріп жатқан экономикалық дағдарыс салдары себеп болды.
Итальяндық БАҚ өкілдеріне премьер-министр Марио Монтидің хабарлауынша, Италия Олимпиадалық ойындар өткізумен байланысты шығындарды мойнына ала алмайды.
Сөйтіп, Олимпиадалық ойындар-2020 өткізуге Токио, Мадрид, Ыстамбұл, Доха және Баку таласатын болады. Жапония мен Катар астаналарының өтінім комиссиясы Халықаралық олимпиада комитетіне өздерінің өтінімдерін тапсырып та қойды. Құжаттарды берудің соңғы күні - 2012 жылғы 15 ақпан.
Естеріңізге сала кетейік, Олипиада-2020 додасына қатысуға Санкт-Петербор да мәлімдеме жасаған болатын, бірақ бұл идеядан бас тартуға шешім қабылдады. Бұған Ресейдің «солтүстік астанасының» үміті аз болуы себеп болды.