Рим ежелгі Помпеи қаласын құтқаруға екі миллион еуро бөлмек
АСТАНА.ҚазАқпарат – Италия үкіметі арнайы қордан Помпеи ғимараттарын қалпына келтіруге және олардың одан әрі бұзылуын болдырмауға қаржы бөлмекші, деп хабарлады Орыс жаңалықтар қызметі.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұған қаржы бөлу туралы шешім елдің мәдени мұра және туризм министрлігі сарапшыларының шұғыл кеңесінде қабылданды. Қорды Кампанья облысының билігі мен Еурокомиссия Помпеиді құтқару үшін құрды. 2013 жылғы ақпан айында Еуроодақ Италиямен бірлесіп, қаланың мәдени мұралары ескерткіштерін жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Оған 105 млн. еуро бөлінді, оның жартысына жуығын Еуроодақ аударды. Төрешілдік кедергілердің салдарынан жаңғырту жұмыстарына әзірге 588 мың еуро ғана жұмсалған.