Рим қаласының әуежайындағы наразылық акциясы ондаған рейсті тоқтатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рим қаласының әуежайында әуедиспетчерлер көтеріліске шығып, ондаған әуе рейсі тоқтатылды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС ANSA агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Көтеріліс салдарынан Alitalia, Lufthansa, Air France, British Airways, Swiss, Ryanair, EasyJet и Vueling сынды әуе компанияларының ұшақтары рейстерді орындай алмаған.
Мұнымен қатар, Сицилия аралындағы Катания қаласының әуежайында да Римдегі әрептестеріне қолдау танытқан маңызды қызмет мамандары 40-қа жуық әуе рейстің тотқауына себеп болды.