Рим - Мәскеу - Астана - Шанхай автошеруінің қатысушылары алдағы апталарда Қазақстанға келеді

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Рим - Мәскеу - Астана - Шанхай автошеруінің қатысушылары алдағы апталарда Қазақстанға келмек. Шанхайда өтетін ЭКСПО-2010 автокөрмесіне бет алған итальяндық өнертапқыштар бүгін Ресейдің Ростов облысы арқылы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Автошеруге қатысып жатқан Италиядағы Парма университетінің ғалым-құрастырушылары адам басқармайтын автомобиль ойлап шығарып, бұл жаңалықтарын Шанхайда өтетін ЭКСПО-2010 автокөрмесінде таныстырмақшы. Күн сәулесінің қуатымен жүретін шағын мобильдерді толығымен компьютер басқарады. Ол мәшинеге орнатылған арнайы бейнекамералар жан-жақтағы кедергі-тосқауылдарды анықтап, оңтайлы жолды таңдап отырады. Автомобильдер сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүре алады.

Ресейдің Ростов облысының аумағынан өткен автошерушілер Қазақстанға дейін әлі 10 мың шақырымдай жол жүреді. Итальяндық өнертапқыштар Қазақстанға 2-3 аптадан кейін келеді деген болжам бар. Бұл, әрине, күн райына да тікелей байланысты.

Соңғы жаңалықтар