Рим мастерс турнирі: Александр Бублик төртінші айналымнан тыс қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Рим (Италия) ATP 1000 турнирінің төртінші айналымына шыға алмады.
Мастерс турнирінің 9-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик үшінші айналымда рейтингіде 21-орындағы америкалық, 20 жастағы Лернер Тьенмен шеберлік байқасты.
Қазақстандық теннисші матчты сәтті бастады – 6:4.
Екінші сетте америкалық спортшы есе қайырды – 6:3.
Үшінші, шешуші партияда есеп 3:3 болған мезетте Тьен брейк жасап кетті – 5:3. Бірақ ол матчқа доп бергенде, Бублик таразы басын теңестірді – 5:5. Дегенмен америкалық теннисші екінші рет матчқа доп бергенде, мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 7:5.
Осылайша, Л.Тьен спорттық жолында алғаш рет Рим мастерс додасының төртінші айналымына жолдама алды.
Екі сағат 7 минутқа созылған тартысты бәсекеде Бублик 8 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тек екеуін пайдаланды. Тьен 3 эйс, 3 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.
Лернер Тьен ширек финалға шығу үшін әлемнің 34-ракеткасы, 19 жастағы Рафаэль Ходар немесе рейтингіде 106-сатыдағы испаниялық Маттео Арнальдидің қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим турнирінің төртінші айналымына жолдама алғанын жазған едік.