Рим метросында пойыздар соқтығысып, 20-дан астам адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рим метросында екі пойыздың соқтығысуы салдарынан зардап шеккендердің саны 20 адамнан асты, деп хабарлады La Stampa газеті.

Рим метросында пойыздар соқтығысып, 20-дан астам адам зардап шекті

Басылым деректеріне сүйенсек, апат салдарынан 21 адам зардап шекті. Олардың көпшілігінің жарақаттары жеңіл. Екі адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиға жұма күні сағат 11:18-де La Stampa метро стансасында орын алды. Апат орнына бірнеше өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көлігі, полиция келді. Олар вагоннан шыға алмай қалған екі жаралы жолаушыны алып шықты.

Апатқа бір бағытта жүріп келе жатқан пойыздардың бірінің күтпеген жерден тоқтауы себеп болған. Сағатына 15 шақырым жылдамдықпен келе жатқан екінші пойыздың машинисі алдыңғы пойыздың тоқтағаны жайлы ақпаратты уақтылы алмаған, деп жазды РИА Новости.

Оқиға аумағында пойыздар қозғалысы уақытша тоқтатылды.