Рим орталығында жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Римнің орталық аудандарының бірінде жарылыс  болды, - деп хабарлайды ANSA  агенттігі. Оқиға орнында  өрт сөндіру  қызметкерлері мен полиция жұмыс жасап жатыр. Жарылыс салдарынан зардап шеккендер жоқ.

 Рим орталығында жарылыс болды

Алғашқы мәліметтер бойынша екі автокөліктің ортасына орнатылған

қолдан жасалған жарылғыш құрылғының жарылғандығы анықталып отыр. Төтенше жағдай орталық Авентино ауданындағы пошта ғимаратының алдында орын алған. Барлық маңайындағы аумақтар қоршалып, оқиғаның орын алу салдарын  анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.