Рим Папасы ауруханадан кейін алғаш рет Әулие Петр алаңына барды
АСТАНА. KAZINFORM — Рим Папасы Франциск пневмонияға шалдығып, ауруханада 5 апта емделіп шыққаннан кейін Ватикандағы Әулие Петр алаңына барды, деп хабарлайды BBC.

Мұрнына тыныс алу түтігі орнатылған, мүгедектер арбасына отырған Рим Папасы Франциск аз ғана уақытқа сахнаға шықты.
— Сәлеметсіздер ме. Жексенбі жақсы өтсін, көп рахмет, — деп қолын бұлғады Рим Папасы.
88 жастағы понтифик 23 наурызда Римдегі ауруханадан шығарылды. Содан кейін ол ауруханаға түскелі алғаш рет адамдарға батасын берді.
Дәрігерлер оған кем дегенде екі ай күтінуге кеңес берді. Ватиканның деректеріне сәйкес, Франциск өзін жақсы сезінеді және көңіл-күйі де жақсы.
Рим Папасы 14 ақпанда тыныс алу проблемаларына байланысты ауруханаға түсті. Алдымен оған бронхит, кейінірек екі жақты пневмония диагнозы қойылды. Дәрігерлердің бірі оның өміріне екі рет қауіп төнгенін, бірақ бәрі артта қалғанын айтты.
Соңғы мәліметтер бойынша понтификтің тыныс алуы, қимылдауы мен сөйлеуі сәл жақсарды. Ол оттегіні баяғыдан аз қолданады.
Франциск ұзақ уақыт бойы денсаулығына байланысты проблемаларға тап болған. 21 жасында оның өкпесінің бір бөлігін алып тастаған, бұл оны инфекцияларға осал ететін болды.
Аргентинаның тумасы Франциск 12 жыл бойы католик шіркеуін басқарды. Көптеген Рим Папалары өмірінің соңына дейін, тіпті қартайған шағында да қызметін жалғастыра беретін еді.