Рим Папасы: Соғыста жеңімпаздар болмайды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Рим Папасы Лев XIV бейбітшілік пен «халықаралық құқықты сыйлауға» шақырды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі Ватиканға сілтеме жасап.

Папа Римский Лев XIV
Фото: vaticannews.va

Папа Лев XIV Папа Францисктің сөзін қайталап, соғыста жеңімпаздардың болмайтынын айтты.

Понтифик заманауи қару-жарақтан болатын «аюандықтың» соғысушы тараптарды «бұрынғыдан бетер жабайылыққа» итермелеуі мүмкін екенін ескертті.

Папа Лев XIV әлем көшбасшыларына соғыста жеңімпаздар болмайтынын, «жоғалатын дүниенің бәрі бейбіт күнде емес, соғыста жоғалатынын» еске салды.

-Украина, Иран, Израиль мен Газа сияқты соғыс жүріп жатқан жерлерден жеткен дауыстан шіркеудің жүрегі қарс айрылады, - деді Папа Лев сәрсенбі күні.

Апта сайынғы бас ауденцияда Рим Папасы: «Біз ешқашан да соғысқа төзімді болмауымыз керек», оның орнына «қуатты да күрделі қарудың тартымдылығына тосқауыл болуымыз керек»,- деді.

Ол сонымен қатар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Шіркеуді басқарған Папа Пия XII-нің сөзін еске алып: «Бейбіт күнде ештеңе де жоғалмайды, бәрі соғыста құриды»,-деді.

Сол себепті де ол жауапты адамдарға адами құндылықтар мен халықаралық құқық үшін Папа Франциск пен Пия XII-нің айтқандарын қайталап отырғанын жеткізді.

Осыған дейін Папа Лев XIV Газа секторындағы гуманитарлық ахуалға алаңдаушылық білдіріп, әскери әрекеттерді тоқтатып, аймаққа шұғыл түрде гуманитарлық көмекті кіргізу қажеттігін атап өткен болатын.