Рим Папасының неден қайтыс болғаны белгілі болды
ВАТИКАН. KAZINFORM — Папа Францисктің инсульт пен кейінгі қайтымсыз жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болғанын Ватиканға сілтеме жасап Euronews хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Рим папасы 2025 жылғы 21 сәуірде, дүйсенбі күні Ватикандағы Каса-Санта-Марта резиденциясында дүниеден озғаны хабарланды.
Мемлекет басшысы Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Былтыр Рим Папасы Франциск өзінің жалпы ауденциясы кезінде Орталық Азия елдерінің көптеген аймақтарына әсер еткен және мыңдаған адамды эвакуациялануға мәжбүр еткен Қазақстандағы жаппай су тасқынынан зардап шеккендер үшін дұға етуге шақырған болатын.
Ал, өткен жылы қаңтарда Мемлекет басшысы Рим Папасының шақыруымен Қасиетті Таққа алғашқы ресми сапарын жасады. Қазақстан Президенті сөзінің басында әлемдегі адамзаттың игілігі жолындағы қажымас қайраты мен қажырлы күш-жігері үшін Католик шіркеуінің Жоғарғы Понтификіне ризашылығын білдірген болатын.