Рим Папасы аргентиналық «Сан-Лоренсо» футбол клубының делегациясын қабылдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рим Папасы Франциск келесі аптада аргентиналық "Сан-Лоренсо" футбол клубының делегациясын қабылдайды. Бұл туралы Ватикан өкіліне сілтемемен жергілікті БАҚ хабарлады.

Рим Папасы аргентиналық «Сан-Лоренсо» футбол клубының делегациясын қабылдайды

"Сан-Лоренсо" жанкүйерлерінің бірі, қазір Папа Франциск ретінде танылған Буэнос-Айрестің бұрынғы архиепископы Хорхе Бергольо құраманы Римде күтетін болды. Футболшылардың құрметіне үлкен мереке ұйымдастырылмақ. Ватикан өкілі атап өткендей, понтифик сүйікті командасының жеңісі туралы Оңтүстік Кореядағы азиялық жастар күніне қатысу үшін Сеулге келгенде естіген.

"Сан-Лоренсо" делегациясын клуб президенті Матиас Ламменс, сонымен бірге вице-президент және белгілі тележүргізуші Марсело Тинелли басқарады. Ойыншылардың көбі Аргентинада қалып, жуырда басталған ел чемпионатындағы кездесулерге дайындалады. Аргентинаның тумасы, Рим Папасы Франциск 2008 жылдың 12 наурызынан "Сан-Лоренсо" футбол клубының мүшесі.