Рим папасы Астанада ашық аспан астында діни рәсім өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Рим Папасының қатысуымен діни рәсім өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазақстан католиктері үшін көптен күткен оқиға жақындап келеді. Рим Папасы Франциск Съезге келу сапары аясында ашық аспан астында Месса рәсімін өткізеді.

Іс-шара 14 қыркүйек күні сағат 16:45-те Мәңгілік Ел даңғылы, B1 мекен-жайында (Nur Alem павильоны алдындағы алаң - EXPO халықаралық көрме орталығының аумағы, стелланың жанында) өтеді. Кіру тегін», - деп жазды Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің ресми өкілі Назым Жанғазинова Facebook парақшасында.

Айтуынша, шараға кез келген дін мен конфессия өкілдері қатыса алады.

«Тәртіп ережелері, сондай-ақ Мессаболатын дерге қалай жетуге болатыны туралы толық ақпаратты Қазақстанның католиктер шіркеуінің ресми сайтынан қарауға болады», - деп жазады форумның ресми өкілі.

Сондай-ақ, католиктердің шараға қатысуы бөлек реттелетіні айтылған. Ол үшін дін ұстанушылар 30 тамызға дейін билет алып, тіркеуге өтуі керек.

«Айта кету керек, қонақтардан кептеліс тудырмас үшін жеке көліксіз келуді сұрайды. Ыңғайлы болу үшін арнайы автобустар ұйымдастырылады. Жиналу орындарын католик шіркеуінің веб-сайтынан да табуға болады», - деп жазады Назым Жанғазинова.

Бұған дейін Рим папасының Қазақстанға мемлекеттік сапарының жоспары жарияланған еді.





Фото: ehonews.kz



Соңғы жаңалықтар