08:42, 26 Мамыр 2015 | GMT +5
Рим папасы Франциск 25 жылдан бері теледидар көрмеген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рим папасы Франциск 25 жылдан бері теледидар көрмегенін айтты.

Бұл туралы Би-би-си жазады.
Понтифик аргентиналық БАҚ-қа берген сұхбатында 1990 жылдың 15 шілдесінен бастап Мария-анаға ант беріп, теледидар қарауды тоқтатқанын айтқан. Франциск сондай-ақ интернет те пайдаланбайтынын, әлемде болып жатқан жаңалықтармен хабардар болу үшін он минуттай итальяндық газеттерді қарап шығатынын хабарлады.
Бұдан басқа, сүйікті аргентиналық футбол командасының жетістіктері жайлы ақпаратты швейцариялық гвардияшылардан біліп отыратынын жеткізді.