Рим Папасы көпшілік алдында Құранды сүйіп, құрмет көрсеткен
АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Рим Папасы ІІ Иоанн Павел христиан мен ислам әлемі арасында дәнекер бола білді,
деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.
2011 жылы 6 мамырда Рим Папасы ІІ Иоанн Павел Сириядағы Омеядтар мешітіне келіп, құлшылық жасаған ең алғашқы католик дінінің жетекшісі. Ол бұрын византиялық христиан шіркеуі болған Дамаскідегі мешітке кірген кезде аяқкиімін шешіп құрмет көрсетті. «Сан жылдар бойы мұсылмандар мен христиандар бірін-бірі кемсітумен келді, біз Жаратушыдан кешірудің жолдарын іздеуіміз және бір-бірімізге кешірім етуіміз керек» деген пікір білдірді. Ол көпшілік алдында қасиетті Құранды сүйіп, құрмет көрсеткен екен.