Рим Папасы қыркүйек айында Грузияға барады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рим Папасы Франциск 2016 жылдың қыркүйек айында Грузияға барады. Бұл туралы Грузия президенті әкімшілігінен хабарлады, деп жазады ТАСС.
Сонымен қатар, хабарламада Рим Папасы Армения мен Әзербайжанға да ат басын бұратыны айтылған.
Ватикан мен Грузия 1990 жылдардан бастап, белсенді ынтымақтастық орнатқан. 1994 жылдан бері Тбилиси қаласында Ватикан елшілігі, ал 2004 жылдан бері Грузия дипломатиялық миссиясы Ватикан қаласында қызмет етіп келеді.
1999 жылы сол кездегі Рим Папасы Иоанн Павел II Грузияға барған болатын.