Рим Папасы Түркияның бас раввинімен кездеспек
АСТАНА. ҚазАқапарат - Жексенбі күні Рим Папасы Францисктің Түркиядағы тарихи сапары жалғасын тапты. Оның мақсаты - түрлі конфессия арасында байланыс орнату, деп хабарлады ВВС.
Бұл күні ол екінші рет Константинополь православ шіркеуінің патриархы Варфоломеймен жолықпақ. Бүған дейін олардың жақында ғана кездесуі болған.
Екі шіркеудің рухани жетекшілері өзара байланысты нығайту мәселесін талқылайды. Сондай-ақ, бүгін Рим Папасы, Түркияның бас раввинімен кездеседі.
Сенбі күні ол Стамбұлдағы Сұлтан Ахмет мешітіне барды.