Рим Папасына қастандық жасаған түрік лаңкесі католик дінін қабылдады ? «ХаберТюрк» агенттігі

РАБАТ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат - 1981 жылы Рим Папасы Иоанн Павел Екіншіге қастандық жасаған түрік лаңкесі Агджа католик дінін қабылдағанын мәлім етті.

Рим    Папасына  қастандық жасаған  түрік  лаңкесі католик  дінін қабылдады ? «ХаберТюрк» агенттігі
«ХаберТюрк» агенттігінің хабарлауынша, Агджа енді «итальяндық католик бикешке үйленуді» жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 51 жастағы Агджа 2010 жылы түрмеден шыққаннан кейін Ватиканға аттанып, оның айтуынша, «сүйікті бауыры» - Рим папасының зиратында болып қайтпақ. 1981 жылы Ватикандағы Әулие Петр алаңында Иоанн Павел Екіншіге қастандық жасаған түріктің әсіреоңшыл «Көк бөрілер» тобының мүшесі Агджа итальян полициясының қолына түскен болатын. 19 жыл түрмеде отырған қылмыскерді 2000 жылы понтифик кешіріп, оның өтініші бойынша Италия президенті Карлдо Адзельо Чампи лаңкеске рақымшылық жасады және оны Түркияға берді. Ыстамбұлда Агджа 1979 жылы «Миллиет» газетінің бас редакторы демократ Абди Ипекчині өлтіргені үшін қамауға жабылды.