Рим папасының планшеті 40 мың долларға сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Уругвайда кедейлерге арналған мектепке көмек ретінде қайырымдылық бәссаудада рим папасы Франциск пайдаланған iPad шамамен 40 мың долларға сатылды.
Понтифик өз планшетін уругвайлық діндар Гонзоло Аэмилиусқа игі іске жаратарсың деген ниетпен өзі сыйға тартқан.
Құрылғыда папаның жеке хатшысы қол қойған түпнұсқалық сертификаты бар. Қайырымдылық бәссауда Монтевидеода өтті, ең жоғары ставканы қатысушы телефон арқылы айтқан, ол есімін жарияламауды жөн көрді, деп жазады Би-Би-Си.