Рим Папасының уәкілі, кардинал А.Содано «Хәзірет Сұлтан» мешітінде болды

 АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Рим Папасының уәкілі, Киелі Тақ кардиналдар алқасының деканы, кардинал Анджело Содано  Астанадағы «Хәзірет Сұлтан» мешітінде болды.

Рим Папасының уәкілі, кардинал А.Содано «Хәзірет Сұлтан» мешітінде болды

 Мейманмен бірге еріп жүрген ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шәріп А.Соданоға мешіттің құрылысы жайында айтып, елорданың ең үлкен мешітінің ішін аралатып, көрсетті. Осыдан кейін Рим Папасының уәкілі Астанадағы рим-католик шіркеуіне аттанды. Онда ол арнайы ғибадат қатысады.